Ресей: Иран Шанхай ұйымымен белсенді әріптестік жасап отыр
Ресей Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мүше ретінде белсенді әріптестік жасап отырғанын, әрі "Ортақ қадам" бағдарламасының Иранның осы ұйымға мүшелігі жолындағы құқықтық кедергілерді жойғанын мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова жұма күні тілшілерге берген сұхбатта: "Иран 2005 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымында бақылаушы мүше ретінде белсенді әріптестік жасап келеді. Теһран 2008 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болу үшін ресми түрде өтініш беріп, осы мәселе бойынша шешімді күтіп отыр. Иранның ядролық бағдарламасының жағдайын реттеу үшін "Ортақ қадам" бағдарламасына 2015 жылдың маусыма айында қол қойылғаннан кейін бұл елдің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы жолындағы барлық құқықтық кедергілер жойылды" деді.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымын кеңейтудің маңыздылығын қуаттап: "Осы ұйымның мүшелері санының көбеюі бұл аймақтық ұйымның ықпалы мен рөлінің артуына және күн тәртібінде тұрған саяси және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге көмектесе алады" деді.