Ирандық «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмі Ресейдің Кавказ аймағында экранға шығады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i18100-Ирандық_Мұхаммад_(с.ғ.с.)_Алланың_елшісі_фильмі_Ресейдің_Кавказ_аймағында_экранға_шығады
Ирандық режиссер Маджид Маджидидің «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмі Ресейдің Кавказ аймағындағы Дағыстанда экранға шығады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 16, 2016 10:47 Asia/Almaty
  • Ирандық «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмі Ресейдің Кавказ аймағында экранға шығады

Ирандық режиссер Маджид Маджидидің «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмі Ресейдің Кавказ аймағындағы Дағыстанда экранға шығады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдегі Иран елшілігіне қарасты мәдени орталық «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі»  фильмінің орыс тілінде дыбысталып, парсы тіліндегі титрмен қараша айының он сегізі күні Дағыстанда экранға шығатынын хабарлады.

Дағыстан діни басқармасының зерттушілері, исламдық тарихшылары мен исламтанушылары «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі»   фильмін зерттеп, растады. Бұған дейін аталмыш фильм Мәскеуде көрсетілді.

35 миллион долларлық бюджетпен шығарылған «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Аллныңа елшісі» фильмі халықаралық деңгейдегі, әсіресе мұсылмандардың қолдауына ие болды. Бұл Иранның ең көп қаржы жұмсалған фильмі болды.

Мәджид Мәджидидің айтуынша,   «Мұхаммад (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмі – ислам әлемінің фильмі. Оның мақсаты – мұсылмандар арасындағы  ынтымақтастықтарды арттыру.