Иран сионистік режимнің ядролық қарусыздануы қажеттігін қуаттады
ИИР СІМ-нің Таяу Шығысты зерттеу орталығының басшысы БҰҰ-ның №687 қарарын орындау және сионистік режимге ядролық қарусыздану үшін қысымды күшейту қажеттігін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әлиреза Мирюсефи сәрсенбі күні Иорданияның қауіпсіздігі отырысында сөз сөйлеп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1995 жылы бекіткен ядролық қарулардың таралуына тосқауыл қою туралы NPT хаттамасын шектеусіз мерзімге ұзарту туралы №687 қарарына тоқталып, ядролық қарудан ада Таяу Шығыс аймағын құруды осы қарардың ажырағысыз бөлігі деп атады.
Ол 2010 жылы NPT хаттамасын қайта қарастыру отырысында жаппай қырып-жоятын қарулардан ада Таяу Шығыс аймағын құрудың қайта қуатталғанына тоқталып: «Ислам елдері мен Қосылмау қозғалысы өздерінің осы жағдайға наразылықтарын сан рет білдіріп, тіпті 2005 жылдағы өздерінің шешімін қайта қарастыратынын айтып қоқан-лоққы жасады»,-деді.
Иранның Иорданияның қауіпсіздігі отырысындағы өкілі, сондай-ақ: «Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келісімінен кейін Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қолдан жасалған дағдарыс аяқталған соң туындаған қолайлы жағдайда №687 қарарды қабылдаушылар мен басқа тараптардың барлығы сионистік режимге ядролық қарусыздану үшін қысымды күшейтуге қатысты міндеттемелерін орындауға міндетті»,-деді.