Әзірбайжан СІМ Армения Президентінің сөзіне реакция білдірді
Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз хатшысы Армения Президентінің Ереванның елінің аумақтық тұтастығын қолдауына реакция білдірді.
Хикмат Хаджиев бейсенбі күні Арменияны халықаралық заңдар мен адам құқығын бұзумен айыптап: «Бұл елдің Қарабақ мәселесін шешу талпынысы шын мәнінде тек бір көрініс қана. Армения өзінің саяси іс-әрекетін халықаралық заңдарға сәйкес жасамайды әрі Әзірбайжанның аумақтық тұтастығына қарсы заңсыз үгіт жүргізеді»,- деді.
Армения Президенті Серж Саргсян бейсенбі күні бұл елдің Әзірбайжанның аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеп: «Халықаралық заңдарға сәйкес барлық халықтар өз тағдырларын өздері шешетін құқыққа ие. Бір елде өмір сүретін бүкіл халықтың өз үкіметтерінің саяси жүйесін өз еріктерімен сайлау құқығы бар және аз санды топтар еркін түрде өздерінің болмыстарын сақтай алады»,- деді.