Израиль Құдсты еврейлендіру саясатын жалғастырып жатыр
Бір израильдік басылым АҚШ-та жаңа үкіметтің өз жұмысын бастауымен бір мезгілде сионистік режимнің басып алынған Құдста жаңа 30 000 пәтер салуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сионистік режимнің бұл жобасында басып алынған Құдс қаласының әуежайы маңындағы ауданда сионистер тұратын 15000 пәтер және «Атрут» өнеркәсіптік ауданында тағы мыңдаған пәтер салу қарастырылған. Сионистік режимнің Қалыптастыру комитеттері «Рамут» және «Джилу» атты екі ауданда тағы мыңдаған тұрғын үй салу жобасын қарастыруды мақсат етіп отыр.
Осыған байланысты басып алынған Құдс қаласының әкімі сионистік режимнің қалашық салу жобаларының жалғасуы салдарынан туындаған халықаралық реакцияларға тоқталып: «Сионистік режимнің Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға осы жобаларды тоқтатуға қатысты жасалған қысымдарға қарамастан бұл жобаларды бекіту күн тәртібіне қойылды»,-деп хабарлады.
Осы мәлімет бойынша, халықаралық қысымдардың нәтижесінде соңғы екі жылда үй салу жобалары тоқтаған болатын. Енді АҚШ-та жаңа үкімет өз жұмысын бастаған соң сионистік режим осы жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр.