Ресей: Жүздеген лаңкес Түркия армиясының демеушілігімен Сирияға кірді
Ресей жүздеген лаңкестің Түркия армиясының демеушілігімен Сирияға кіргенін хабарлады.
Ресейдің Сириядағы атысты тоқтату ісі жөніндегі бақылаушы төрағасы дүйсенбі күні осы елде атыс тоқтатуды орындау туралы: «Жүзден астам лаңкес Түркия арқылы кіріп, Сирияның азат етілген «Тел-Абияз» аймағының бір бөлігін басып алған. Осы лаңкестердің әрекеті Түркия армиясының артиллериялық бөлімшесінің демеушілігімен іске асты. Бұл Сириядағы атысты тоқтату келісімін әшкере түрде бұзу болып табылады» деді.
Сирияда атысты тоқтату Ресей мен АҚШ- тың келісімімен Дамаск уақытымен сенбі күні алғашқы минуттардан күшіне енгізіліп, нәтижесінде қарулы қарсылас топтар мен Сирия үкіметі атысты тоқтатып, жауласуды доғаруға міндеттеме қабылдады. Түркия армиясы соңғы бір айда сириялық күрдтерді басып- жаншу желеуімен Сирияның лаңкестердің басқыншылығынан азат етілген шекаралық аймақтарын сан рет зеңбірекпен атқылаған. Қазірге дейін осы аймақтардың бір топ әскери емес тұрғыны қаза болып, жараланған. Тұрғын үйлерге ауыр шығын келтірілген.