Калифорния мешіттеріне қоқан-лоққы жасалған хаттар жөнелтілді
Америкалық ақпарат құралдары Калифорния штатының үш мешітінде мұсылмандарға қоқан-лоққы жасалған хаттардың табылғанын хабарлады.
ИРНА-ның хабарлауынша, азаматтық құқықты қорғаушы бір топ Калифорния мешіттерінен АҚШ-тың қалаулы президенті Дональд Трампқа қолдау білдірілген және мұсылмандарға геноцид жасау туралы қоқан- лоққы жасаған хаттар табылған соң Америка полициясынан мешіттердің күзетін арттыруды талап еткен.
Америкалық The Los Angeles Times газетінің жазуынша, «Ислам- Америка» байланыстары кеңесі өткен аптада мұсылмандарға қоқан- лоққы жасау негізінде осыған ұқсас қолжазба хат «Лонг-Бич», «Клермонт» және Сан-Хоседегі «Evergreen» ислам орталықтарына жөнелтілгенін хабарлады.
«Ислам-Америка» байланыстары кеңесінің мәліметі бойынша осы хаттарда Трамптың Американы тазартуды мақсат еткені және осы шараны мұсылмандардан бастауды көздегені айтылған.