Иран мен Ресей арасындағы визалық режим кейбір жағдайлар үшін ғана алынады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i18844-Иран_мен_Ресей_арасындағы_визалық_режим_кейбір_жағдайлар_үшін_ғана_алынады
ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми кейбір жағдайларда Иран мен Ресей арасындағы визалық режимнің алыну ықтималы туралы хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 29, 2016 12:58 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей арасындағы визалық режим кейбір жағдайлар үшін ғана алынады

ИИР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми кейбір жағдайларда Иран мен Ресей арасындағы визалық режимнің алыну ықтималы туралы хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бахрам Ғасеми  дүйсенбі күні кейбір ақпарат құралдарының жақында Иран мен Ресей арасындағы визалық режимнің алынуы туралы хабарларды теріске шығарып: «Екі елдің арасындағы туристік турлардың визалық режимдері алынуы мүмкін, бірақ әлі мұндай келісімге қол қойылған жоқ. Иран мен Ресей арасындағы туристік турлар үшін визалық режимді жою туралы келісім қарастырылуда. Оған жақын арада қол қойылады»,- деді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова да Иран мен Ресейдің екі елдің туристері визаны қажет етпейтін келісімге қол қоятынын хабарлады.