Жел 08, 2016 21:37 Asia/Almaty
  • Обама: ДАИШ-тің алға ілгерілеушіліктері Американы қапыда қалдырды

АҚШ президенті Барак Обама ДАИШ лаңкестік тобының алға ілгерілеушіліктерінің Американың барлау қызмет орындарын қапыда қалдырғанын мәлімдеді.

АҚШ президенті "CNN" арнасынан үзіндісі таратылған сұхбатында ДАИШ әлеуетінің тек Сириямен ғана шектелмей, ірі іс-қимылдар жасауы, соның ішінде Мосулды басып алуы Американың барлау қызмет орындарының ойлағанынан тыс болғанын мәлімдеді. Обама сондай- ақ Сириядағы жағдайға көңілі толмай отырғанын мәлімдеп: «Сирияда құрлықтан жаппай араласудан бас тартуы АҚШ үкіметінің алдындағы "жаман таңдаулар" тізімі арасындағы ең парасатты шешім болды» деді.

 

 

Тегтер