АҚШ- тың Сириядағы қылмысы айыпталды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i19441-АҚШ_тың_Сириядағы_қылмысы_айыпталды
Ресей СІМ АҚШ қырғи ұшақтарының Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка облысының көптеген әскери емес тұрғындарының өлімі мен жаралануына себеп болған осы қалаға жасаған шабуылын айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 09, 2016 11:45 Asia/Almaty
  • АҚШ- тың Сириядағы қылмысы айыпталды

Ресей СІМ АҚШ қырғи ұшақтарының Сирияның солтүстік-шығысындағы Ракка облысының көптеген әскери емес тұрғындарының өлімі мен жаралануына себеп болған осы қалаға жасаған шабуылын айыптады.

Ресей СІМ өз мәлімдемесінде көптеген әскери емес тұрғынның өлімі мен жаралануына себеп болған Американың Раккаға жасаған әуе шабуылының осы ел халқының қасыреті мен алаңдаушылығын арттырып отырғанын баса айтты.

Осыдан бірнеше күн бұрын америкалық қырғи ұшақтар Ракканың солтүстігіндегі сириялық босқындардың қонысын бомбалады. Соның салдарынан Сирияның 10 әскери емес азаматы қаза болып, ондаған кісі жараланды.

Америкалық қырғи ұшақтар өткен апталарда да Ракка қаласын бомбалап, сириялық 20 бейбіт азаматты, соның ішінде 7 баланы өлтірді.

АҚШ  Сирияның заңды үкіметінің келісімінсіз 2014 жылдан бері лаңкестікпен күрес желеуімен әрдайым Сирияның тұрғын аймақтарын нысанаға алып, қазірге дейін Сирияның мыңдаған әскери емес азаматын қазаға ұшыратты.