Ресей лаңкестікке қарсы технологияларын сатуға дайын
https://parstoday.ir/kz/news/world-i19939-Ресей_лаңкестікке_қарсы_технологияларын_сатуға_дайын
Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Ресейдің шет мемлекеттермен әскери- техникалық ынтымақтастық жасау тобының отырысында сөйлеген сөзінде: «Ресей лаңкестікке қарсы ең дамыған жабдықтарды, соның ішінде соғыс ұшақтарын, әуе қорғаныс құрылғыларын, көп қырлы зымыран атқыш құрылғылары мен сауытты көліктерін өзге елдерге ұсынуға әзір» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 13, 2016 18:23 Asia/Almaty
  • Ресей лаңкестікке қарсы технологияларын сатуға дайын

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Ресейдің шет мемлекеттермен әскери- техникалық ынтымақтастық жасау тобының отырысында сөйлеген сөзінде: «Ресей лаңкестікке қарсы ең дамыған жабдықтарды, соның ішінде соғыс ұшақтарын, әуе қорғаныс құрылғыларын, көп қырлы зымыран атқыш құрылғылары мен сауытты көліктерін өзге елдерге ұсынуға әзір» деді.

Путин Ресейдің халықаралық лаңкестікке тосқауыл қоюдағы айтарлықтай үлесіне сілтеме жасап: «Әлемнің көптеген елдері лаңкестіктің қоқан-лоққыларына тап болып отыр. Лаңкестер бүкіл әлемде білікті мамандар мен Батыста жасалған қарулардан құралған үлкен қарулы топтар құрған» деді.