Ресей Иранмен Sukhoi SuperJet 100 ұшақтарын сату туралы келіссөз жүргізді
Ресейдің Энергетика министрі Иранмен Sukhoi SuperJet 100 ұшақтарын сату туралы келіссөздердің жүргізілуі туралы хабарлады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің Энергетика министрі Александр Новак сейсенбі күні Иран-Ресей сауда конференциясында Иранмен Sukhoi SuperJet 100 ұшақтарын сату туралы келіссөздердің жүргізілуіне тоқталып: «Иран мен Ресейдің ірі он банкі серіктестіктерін бастады. Сондықтан бұл мәселемен айналысатын топ құрылатын болды. Иран мен Ресей арасындағы инвестициялық келісімдерге екі елдің экономика министрліктері қол қойды. Иран мен Ресейдің қаржы министрліктері Бушеһр атом стансасының құрылысы мен Иранның темір жолын электрлендіру сынды тағы да басқа жобалар үшін екі жарым миллиард доллар бөлетін болды.