Жел 18, 2016 13:25 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болды

АҚШ-тың Чикаго қаласында болған атыс салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адам жараланды.

«Russia Аl-Yaum» телеарнасының хабарлауы бойынша, жергілікті полиция басқармасы бұл шабуыл құрбандарының оқиға орында көз жұмғанын, ал жараланған екі адамның бірінің жағдайының ауыр екендігін, екеуінің де ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Екі жасар бір бала да осы атыста құрбан болғандардың қатарында. Атыстың туындау себебі мен қарулы адамдар әлі анықталған жоқ.

Бейсенбі күні де АҚШ-тың Балтимор қаласында қарулы адамдардың атысы барысында бір адам қаза тауып, бір адам жараланды.

 

Тегтер