Ресей Тәжікстанмен арада жолаушы тасымалдайтын рейстерін тоқтатты
Ресейдің Көлік және тасымал министрлігі өз мәлімдемесінде: «Ресей мен Тәжікстан арасындағы жолаушы тасымалдайтын рейстер сенбі күннен бастап тоқтатылады»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Ресейдің Көлік және тасымал министрлігі осы ел мен Тәжікстан арасында жолаушы тасымалдайтын рейстерін тоқтатудың себебін Душанбе үкіметінің ресейлік «Ямал» компаниясының рейстерін қабылдаудан бас тартуы деп атады. Бұл компания Мәскеу маңындағы «Жуковский» әуежайынан Тәжікстан бағытында ұшуы тиіс болған.
Бұл Мәскеу мен Душанбе қараша айында осы әуежайдан Тәжікстанға рейстерді қайтадан бастауға келіскен жағдайда орын алып отыр.
Бұдан бұрын да Ресей мен Тәжікстан арасында Мәскеудің маңындағы «Жуковский» әуежайынан жолаушы тасымалдауға қатысты екі елдің әуе тасымалы саласындағы басшылары арасында қайшылықтар болған. Олар да Мәскеу әуе қатынасын тоқтататынын айтып, айбат көрсеткеннен кейін шешілген еді.
Ресей мен Тәжікстанның жолаушылар тасымалдайтын ұшақтарына қатысты қайшылықтарының басты себебі осы екі ел арасындағы рейстердің көбісінің Мәскеудің ықтиярында болуына байланысты сыңайлы.