Башар Асад: Ресей – Алеппоны қайтарып алудағы негізгі серіктес
Жел 24, 2016 21:53 Asia/Almaty
Сирия президенті Ресейді Сирияның солтүстігіндегі Алеппо қаласын лаңкестік қарулы топтардан қайтарып алуда негізгі серіктес деп атады.
Сирия президенті Башар Асад телефон арқылы сұхбатта Ресей президенті Владимир Путинге алғыс айтып: «Алепподағы жеңістер мен осы қаланы қайтарып алу елдің саяси дағдарысын шешу үшін алғышарт әзірлей алады» деді. Путин де Алеппо қаласының азат етілуімен құттықтап, Ресейдің Сириядағы мақсатын бейбітшілік орнату жолындағы талпыныстарды ілгерілету үдерісі мен осы елдегі дағдарысты саяси жолмен шешуге ден қою деп атады.