Иран Ресей үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i21484-Иран_Ресей_үкіметі_мен_халқының_қайғысына_ортақтастық_білдірді
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы ресейлік ұшақтың Қара теңізге құлауына өкініш білдіріп, Ресей үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 25, 2016 18:05 Asia/Almaty
  • Иран Ресей үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы ресейлік ұшақтың Қара теңізге құлауына өкініш білдіріп, Ресей үкіметі мен халқының қайғысына ортақтастық білдірді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Ресейдің " Ту-154" ұшағының Қара теңізге құлауы салдарынан 93 адамның қаза болуына байланысты Ресей халқы, үкіметі және қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты.

Ресей Қорғаныс министрлігінің "Ту-154" ұшағы жексенбі күні Сочи әуежайынан көтерілгеннен бірнеше минуттардан кейін радардың бетінен ғайып болды.

Бүгін таңда Сочиден Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы Сирияның Латакия бағытын бетке алған ресейлік ұшақ Қара теңізге құлады.

Ұшақ ішінде тілшілер, әскерилер және "Александров" ансамблінің музыканттары болды. Ресейлік ұшақтың қирандылары Сочидегі Қара теңіз жағалауларынан  табылды.