Жел 26, 2016 14:17 Asia/Almaty
  • Нетаньяху Обаманы Тель-Авивке қарсы астыртын әрекет етумен айыптады

Сионистік режимнің премьер-министрі Обама үкіметін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде қалашық салуға қарсы қарар бекітуде Тель-Авивке қарсы астыртын сөз байласты деп айыптап отыр.

ИРНА-ның хабарлауынша, сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жексенбі күні Израиль кабинетінің отырысында: "Қолға түскен мәліметтерден кейін Обама үкіметінің осы қарардың бекітілуіне көмектесіп, қажетті үйлесімділік шараларын жасағанына еш күмәніміз қалмады. Бұл әрекет қалашық салу мәселесінің Қауіпсіздік кеңесінде көтерілмеуіне жауапты болған АҚШ-тың дәстүрлі саясатына толығымен қайшы. АҚШ-тың бұрынғы үкіметтері мен Израиль арасында қалашық салуға қатысты ешқандай пікір қайшылықтары туындамаған. Алайда бұл мәселені Қауіпсіздік кеңесінде көтермеу туралы келіскен болатынбыз. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керриге екі достың бір-бірінің мәселелерін Қауіпсіздік кеңесінде көтермейтіні туралы айтқан болатынмын" деді.

Осы аяда сионистік режимнің премьер-министрі  жексенбі күні БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде аталмыш режимнің қалашық салуына қарсы қарарға АҚШ-тың дауыс беруден қалыс қалуы әрекетіне реакция ретінде Вашингтонның Тель-Авивтегі елшісін шақыртып, одан осы мәселе жөнінде түсініктеме беруді талап етті.

 

Тегтер