Мәскеуде үш вокзалдан жолаушылар шығарылды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i21550-Мәскеуде_үш_вокзалдан_жолаушылар_шығарылды
Мәскеудегі қауіпсіздік қызметкерлері вокзалда бомба қойылды деген қоқан- лоққыдан кейін үш вокзалдан жолаушыларды шығарды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 26, 2016 18:16 Asia/Almaty
  • Мәскеуде үш вокзалдан жолаушылар шығарылды

Мәскеудегі қауіпсіздік қызметкерлері вокзалда бомба қойылды деген қоқан- лоққыдан кейін үш вокзалдан жолаушыларды шығарды.

ИРНА-ның хабарлауынша, Ресейдің үкіметтік теледидарының екінші арнасы дүйсенбі күні қауіпсіздік ескертулерінен кейін Мәскеу орталығындағы Казанский, Ленинградский және Ярославский вокзалдарынан жолаушылар мен қызметкерлердің шығарылғанын хабарлады.

Бейтаныс біреу телефон арқылы осы вокзалдарға бомба қойылған деп ескерткен соң, жолаушыларды аталмыш вокзалдардан шығару амалдары басталды.

Ресейдің қауіпсіздік саласының басшылары Мәскеудегі Казанский, Ленинградский және Ярославский вокзалдарына қауіпсіздік тексеру жүргізумен орайлас телефон соққан адамды анықтау амалдарының да басталғанын хабарлады.

Ресейдің лаңкестікке қарсы заңдары бойынша бомба орнатылды деп жалған ескерту мен қоқан-лоққы жасау қылмыскердің 5 жыл бас бостандығынан айырылуына себеп болады.

2016 жылдың соңғы күндерімен орайлас жаңа жыл мейрамдарына байланысты Ресейдің түрлі аймақтарында, әсіресе Мәскеуде кез- келген лаңкестік оқиғаның орын алуының алдын алу үшін қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ресейде өткен екі айда шамамен 30 адам лаңкестермен ынтымақтастық жасады және байланыста болды деген айыппен құрықталды.