Черногорияда Ресей мен Сербияның бірнеше азаматын құрықтауға үкім шығарылды
Жел 29, 2016 19:05 Asia/Almaty
Черногорияның прокуроры ұйымдасқан қылмыс жасау және лаңкестік шараларға атсалысу айыбымен Ресейдің екі, Сербияның үш азаматын құрықтауға үкім шығарылғанын хабарлады.
Черногория прокуратурасының мәлімдеуі бойынша Черногорияда лаңкестік шараларға барудың басты себептерінің бірі осы елдің Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ға қосылу үдерісінің алдын алу болып табылады. Осыдан бір жыл бұрын Черногория НАТО-ға қосылуға шақырылды, бірақ бұл тақырып әлі қаралып жатыр. Осы мәлімет бойынша Сербияның бір топ азаматы да қазанның он алтысы күні Черногориядағы сайлаудан бұрын құрықталды.
Тегтер