160 тәжікстандық жолаушы Ресей әуежайларының бірінде сергелдең күйге ұшырады
Ресейдің «Урал әуежолдары» компаниясының чартерлік рейсінің Душанбеге ұшуына тыйым салынуы Ресейдің Пулково әуежайында Тәжікстанның 160 азаматының сергелдең күйге ұшырауына себеп болды.
Тәжік тіліндегі радионың хабарлауы бойынша Ресей мен Тәжікстан әуе компаниялары келіспеушілігінің жалғасында осы елдің басшылары «Урал әуежолдары» компаниясының чартерлік рейсіне Санкт-Петербург қаласынан ұшуға рұқсат бермеген.
Тәжікстанның Тасымалдау министрлігінің дереккөздері «Жолаушылардың санының көптігіне байланысты бұрын Ресейдің әуе компанияларына чартерлік рейстерге рұқсат етілетін, бірақ келіспеушіліктерден кейін ресейлік компаниялар ұшақ билетінің бағасын арзандатып, тәжікстандық жолаушыларды өз ұшақтарымен ұшуға тартуға талпыныс жасауда» деп мәлімдеді.
Ресей мен Тәжікстанның Душанбе мен Мәскеу арасындағы рейстердің ұшуы жөніндегі келіспеушіліктерінің өршуімен қазір екі елдің әуе компаниялары бір- біріне қарсы сот мекемесіне шағымдануды ұйғарып отыр.