Қаң 07, 2017 21:42 Asia/Almaty
  • Гутерриш БҰҰ-дағы Иран Телерадио ұйымының бюросын аралады

БҰҰ-ның жаңа бас хатшысы Антониу Гутерриш осы ұйымдағы Иран ислам республикасы Телерадио ұйымының бюросын аралады.

2014 жылдың ақпан айында Иранда сапармен болған Гутерриш Нью-Йоркте Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Иранға жасаған сапарының естеліктерін ұмытпағанын айтты. Гутерриш Иранға жасаған сапарында Иран ислам республикасының ауған және ирактық босқындарға пана бергеніне алғыс айтып: «Иран өз мектептері мен ауруханаларын және шекараларын босқындарға айқара ашып қойған. Босқындар Иран халқы сынды барлық артықшылықтарға ие болып отыр» деді.

 

 

Тегтер