АҚШ Қорғаныс министрінің Ресейге қарсы тұрғы ұстануына Ресей Думасы реакция білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i22933-АҚШ_Қорғаныс_министрінің_Ресейге_қарсы_тұрғы_ұстануына_Ресей_Думасы_реакция_білдірді
Ресей Думасы төрағасының орынбасары АҚШ Қорғаныс министрінің ДАИШ тобына тосқауыл қоюда Ресей рөл атқармады деген мәлімдемесін айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаң 09, 2017 18:30 Asia/Almaty
  • АҚШ Қорғаныс министрінің Ресейге қарсы тұрғы ұстануына Ресей Думасы реакция білдірді

Ресей Думасы төрағасының орынбасары АҚШ Қорғаныс министрінің ДАИШ тобына тосқауыл қоюда Ресей рөл атқармады деген мәлімдемесін айыптады.

Ресей Думасы төрағасының орынбасары Ирина Яровая АҚШ-тың Қорғаныс министрі Эштон Картер тарапынан жарияланған мәлімдемені дипломатиялық емес және текетірес тудырушы деп атады. Ресей Думасы орынбасарының айтуынша, Мәскеу лаңкестік топтарға, атап айтқанда ДАИШ-ке тосқауыл қоюды жалғастырады. Яровая сондай-ақ Эштон Картердің мәлімдемесін Американың Таяу Шығыстағы саясаттарының жеңілісі деп сипаттады. АҚШ-тың Қорғаныс министрі жексенбі күнгі мәлімдемесінде Ресейдің ДАИШ тобына тосқауыл қоюда рөл атқарғанын қабылдамай: «Ресейдің Сириядағы құзыры тек қақтығыстардың күшеюіне ғана себеп болып отыр» деді.