Қаң 12, 2017 15:19 Asia/Almaty
  • Трамп: ДАИШ-ті құрған Обама

АҚШ президенті қараша айының сеігізінде өткен президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін өткізген өзінің алғашқы ақпарат отырысында АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманы ДАИШ лаңкестік тобын құрушы деп атады.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп сәсенбі күнгі ақпарат отырысында өзінің президенттік кезеңінде Ресеймен қарым-қатынасын жақсартуды көздейтіндігіне сілтеме жасап: «Мәскеу Вашингтонға ДАИШ лаңкестік тобымен күресуде көмек көрсете алады»,- деді.

Трамп өзінің РФ президенті Владимир Путинмен жақсы қарым-қатынасын жақсы инвестиция деп атап: «Біз Ресеймен арадағы мәселелерімізді шеше аламыз»,- деді.

Сонымен қатар, АҚШ президенті Ресейдің АҚШ Демократиялық партиясына кибер  шабуыл жасауға қатысы бар болуын хабарлап: «АҚШ-тың Демократиялық партиясы Ұлттық комитетінің компютерлік жүйелеріне кибер шабуыл жасауға көптеген елдердің қатысы бар. Бұл аталмыш жүйелердің қауіпсіздік тұрғысынан әлсіздігіне байланысты»,- деді.

Ақпарат отырысында Дональд Трамп АҚШ-тың CNN телеарнасы тілшісінің аталмыш арнаның Ресейдің қолында бұл кісінің абыройын төгетін құжаттардың болуы және сол арқылы Ресейдің Трампқа қысым көрсеткені жайлы хабарламасына қатысты сұрағына жауап бермей, оны негізсіз деп атап: «Бұл жалған хабарламаның артында АҚШ-ның барлау органдары тұр»,- деп қуаттады.

 

 

Тегтер