Ресей ұшағының қирандыларынан лаңкестік шабуылдың белгісі табылған жоқ
Ресейдің "Коммерсанть" газеті бейсенбі күні: «Мамандар Ресейдің Қара теңізге құлаған "Ту-154 " ұшағының қирандыларынан лаңкестік шабуылдың белгісін таппады» деп жазды.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі кейбір ақпарат құралдарының мәліметіне қайшы ұшақтың құлауының себебін әлі белгісіз деп мәлімдеген болатын.
"Коммерсанть" газеті бір дереккөзіне сілтеме жасап: «Мамандар ұшақтың қирандысынан лаңкестік жарылыс болғаны туралы еш белгі таппады» деп жазды.
Ресей Қорғаныс министрлігінің "Ту-154" ұшағы Мәскеуден Сирияға бет алған кезде Ресейдің оңтүстігінде жағармай құйып, Адлер қаласынан көтерілгеннен кейін Сочидың маңында құлаған болатын.
Ұшақта 92 адам, соның ішінде 8 экипаж болды. Алайда сол апаттан ешкім аман қалмады.