Мәскеуде 50-ге жуық наразы құрықталды
(last modified Sun, 15 Jan 2017 08:53:58 GMT )
Қаң 15, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Мәскеуде 50-ге жуық наразы құрықталды

Мәскеудің орталығында үкіметке қарсы шеруге қатысқан 50-ге жуық адам құрықталды.

ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл шеру сенбі күні Мәскеу қаласының орталығындағы «Чистые пруды» метро стансасына қарама-қарсы алаңда өткен. 50-ге жуық шеруші полиция қызметкерлері тарапынан құрықталды.

Осы ақпарат көзі: «Бұл шеру тиісті органдардың рұқсатынсыз өткізілді. Қауіпсіздік күштері шерушілерге ескерту жасаған соң, наразыларды құрықтады»,-деп жазды.

Шерушілер Ресей үкіметінің оппозиционерлерінің бірі Ильдар Дадинды азат ету және экономикалық жағдайға наразылық ретінде жиын өткізуге рұқсат берілуді талап етті. Ильдар Дадин бір жыл бұрын жиын өткізу заңын бұзды деген айыппен түрмеге қамалған болатын. Құрықталған шерушілер тиісті тергеу мен сот тексерісінен өту үшін полиция бөлімшелеріне жеткізілді.

 

Тегтер