Иран мен Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшылары телефон арқылы сұхбаттасты
Иран мен Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Сирияда ымыра орнағаннан кейінгі осы елдегі соңғы саяси, қауіпсіздік және әскери өзгерістер туралы сұхбаттасты.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамхани мен Ресейдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев дүйсенбі күнгі кешке телефон арқылы өзара сұхбатта Сирия дағдарысындағы саяси үдерістерді алға ілгерілету үшін кеңесулер мен сұхбаттасуларды жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Тәкфирлік лаңкестікпен, әсіресе Сириядағы "ән- Носрат майданы" (Фатх әш-Шам) және ДАИШ-пен бірлесіп күресуді олардың толығымен көзін жойғанша күшейтіп, жалғастырудың шешім жолдарын қарастыру Шамхани мен Патрушев сұхбаттасқан өзге өзекті тақырыптарды құрады.
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров та өткен түні Сирияның соңғы ахуалы және бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда баяндырақ болған осы елдегі атысты тоқтату бітімі туралы сөйлесті.