Қаң 19, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Обама: Ресейге қарсы санкциялардың негізгі себебі – Қырым дағдарысы

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама Ақ үйдегі қызметі аяқталар алдында өткізген соңғы ақпарат отырысында: «Вашингтонның Мәскеуге қарсы санкцияларының негізгі себебі Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты»,- деген уәж айтты.

CNN ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Обама: «Владимир Путин РФ-ның президенті болып сайланғаннан кейін АҚШ-қа қарсы саясат ұстанды. Оның Қырым түбегін өз еліне қосып алуы мен Украинадағы қақтығыстарды қолдау әрекеті Вашингтонның Мәскеумен арадағы қарым-қатынасының нашарлауына соқтырды»,- деп мәлімдеді.

Обаманың Вашингтон мен Мәскеу арасындағы қатынастардың Ресейдің Украинадағы әрекеттеріне байланысты  бұзылуы жайлы уәждері АҚШ пен оның одақтастарының шиеленісті саясаттары, соның ішінде Солтүстік Антлантикалық келісім ұйымының (НАТО) шығыста, Ресей шекарасына жақын аймақта әскери ықпалының артуы мен Сириядағы жағдай бойынша қатынастардың шиеленіскен жағдайында айтылып отыр.

Сонымен қатар Барак Обама сионистік режимнің негізгі қолдаушыларының бірі ретінде өзінің соңғы президенттік ақпарат отырысында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трампқа ескерту жасап, Палестинадағы басып алынған жерлердегі шиеленіскен жағдай мен Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайды Израиль үшін дағдарысты деп атады.

 

Тегтер