Зариф: Трамп «Ортақ қадам» бағдарламасын тоқтататын болса, таң қалатын болады
ИИР Сыртқы істер министрі: «Егер АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тоқтататын болса, таң қалатын болады»,- деді.
Иран Телерадио бірлестігінің хабарлауы бойынша, Иранның Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Швейцарияның Давос қаласында өткен Дүниежүзілік экономикалық форумы аясындағы дөңгелек үстелде: «Егер АҚШ президенті Дональд Трамп Иран мен «алтылық топ» арасындағы ядролық келісіміне қатысты жаңадан келіссөздер өткізуді қаласа, қатты таңырқайтын болады»,- деп мәлімдеді.
Зариф ядролық келісімге қол жеткізудегі әлемнің алпауыт мемлекеттері мен Иран арасындағы қиын да қарқынды келіссөздерге сілтеме жасап: «Трамп үкіметіне қатысты Иран сабырлық пен күтуге негізделген саясат ұстанады. Әзірше ешқандай болжам жасап, пікір айту мүмкін емес»,- деді.
Зариф дөңгелек үстелден кейін Associated Press агенттігінің сұрағына жауап беріп: «Егер Трамп ядролық келісімді тоқтатпақ болса да ақырзаман орнамайды» деді.
Иранның Сыртқы істер министрі Барак Обама үкіметінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты, әсіресе ирандық банктер тап болған белгісіз қиындықтарға қатысты өз міндеттемелерін толық орындамағаны үшін айыптады.
Сондай-ақ Зариф Ирандағы болашақ президенттік сайлау жайлы: «Ирандықтар өз болашағы мен тағдырын анықтау мүмкіндіктеріне ие. Бұл Азияның батыс аймағы мен әлем үшін өте маңызды»,- деді.