Нигерияның жоғары соты шейх Закзакиды босатуды тағы талап етті
(last modified Wed, 01 Feb 2017 15:27:49 GMT )
Ақп 01, 2017 21:27 Asia/Almaty
  • Нигерияның жоғары соты шейх Закзакиды босатуды тағы талап етті

Нигерияның федералдық жоғары соты осы елдің Ақпарат және ұлттық қауіпсіздік министрлігіне тағы да Нигерия Исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибраһим Закзаки мен оның жұбайы Зинат Ибраһимнің тезірек босатылып, өмір сүру үшін қауіпсіз мекенге көшірілуі керектігін мәлімдеді.

Сот мекемесі сондай-ақ өз хатында Ақпарат министрлігіне егер полиция басшысы Ибраһим Эдрис пен федералдық прокурор Әбубәкір Малами сот  мекемесінің шейх Закзакиді босату туралы бұйрығын орындамаса, сот үкімін бұзды деп айыпталатынын ескертті. Шейх Закзаки мен оның жұбайы 20-шы қаңтарда аталмыш сот мекемесінің үкімімен азат етілуі тиіс болған.