Ақп 06, 2017 20:44 Asia/Almaty

Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы: «Көп сөйлейтін адамдардың сөздерінің біз үшін еш құны жоқ» деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әли Акбар Велаяти БҰҰ Бас хатшысының Ирак ісі жөніндегі арнайы өкілімен кездесу аясында Американың Иранға қарсы жаңа санкциялары туралы айтқан сөзінде осы санкциялардың соны әрекет еместігін баяндап: «Революцияның басынан қазірге дейін осы елдің саясаткерлері арасында ешқашан Иранға қатысты ізгі ниет болған емес. Олар Иран ислам республикасына қарсы қолдарынан келгенін істеді» деді.

Ол сондай-ақ Американың Сиэтл судьясының Трамптың жеті ислам елінің азаматтарының Америкаға кіруіне тыйым салу жарлығының күшін жою негізіндегі үкімі жөнінде: «АҚШ президенті шешімінің осы елдің сот аппараты тарапынан күші жойылуы парасатты қадам болып табылады.

Егер Америкада билік немесе парасатты адам ақылға сай келмейтін қисынсыз әрекеттің жасалғанын көрсе, сот саласындағы өзінің тәуелсіздігін пайдаланып, осы ел президентінің заңсыз шешімінің күшін жояды. Әрбір парасатты және тәжірибелі судья осындай әрекет жасайды» деді.

 

 

Тегтер