Тәжікстанда 200 ирандық компания жұмыс істеп жатыр
Ақп 07, 2017 19:11 Asia/Almaty
Ирандағы Тәжікстан елшісі бүгінде Тәжікстанның түрлі салаларында 200 ирандық компанияның жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Нематолла Имамзода алдағы апталарда Хорасан Разавиде Иран мен Ауғанстан және Тәжікстанның ортақ комиссиясының өтетінін айтып: «Қауіпсіздік тұрғысынан Тәжікстанда инвестиция салу үшін еш қиыншылық жоқ» деді. Теһрандағы Тәжікстан елшісі Иран мен Тәжікстанның сауда байланыстарының өсіп келе жатқанын мәлімдеп: «2016 жылы екі ел арасындағы қаржы айналымы 114 миллион долларды құрады. Бұл көрсеткіш жеткіліксіз» деді.
Тегтер