Басқа елдерді бейберекеттікке ұшырату арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болмайды
(last modified Sun, 19 Feb 2017 17:32:21 GMT )
Ақп 19, 2017 23:32 Asia/Almaty
  • Басқа елдерді бейберекеттікке ұшырату арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болмайды

ИИР-ның Сыртқы істер министрі Мюнхен қауіпсіздік конференциясында: "Бір-бірімен байланысқан әлемде басқа елдерді бейберекеттікке ұшырату арқылы өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету қисынға келмейтін әрекет" деді.

Мұхаммад Джавад Зариф 53-ші Халықаралық Мюнхен конференциясында жасаған баяндамасында Таяу Шығыста лаңкестіктің таралуының себебін бөгделердің әскери араласушылығының, соның ішінде, АҚШ-тың авантюризмінің салдары деп атап: "Таяу Шығыстағы, әсіресе, Ирак пен Бахрейн және Сириядағы дағдарыстарды шешудің жолы әскери амалдар емес. Бұл дағдарыстарды шешу саяси келіссөздерді қажет етеді" деді.

Зариф кейбір аймақтан тыс елдердің Таяу Шығыстағы араласушылықтарын сынап: "Бұл араласушылықтар аймақтағы тұрақсыздықтарға себеп болды. Таяу Шығыста тұрақтылық орнату үшін барлық аймақтық елдер әріптестік жасауы керек" деді.

Ол Иранның кез келген қауіп-қатермен күресуге әзірлігін қуаттап: "Санкция – Иранмен мәміле жасаудың ең жақсы жолы емес. Иранмен қарым-қатынас жасаудың ең жақсы жолы өзара құрмет болып табылады" деді.

Мұхаммад Джавад Зариф лаңкестік ой-пікірдің Ислам атауымен аймақта таралуын сынап: "Иранның көзқарасы бойынша, Иранды аймақта радикал ел ретінде көрсеткісі келетін ой-пікір қабылдауға келмейтін әрекет  әрі аймақта тұрақсыздық тудыратын фактор болып табылады" деді.

 

Тегтер