Ресей Иранмен преференциалды сауданы арттыруға ықылас білдірді
Ресейдің Вице Премьер-министрі Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының басшысымен кездесуінде Иранмен арада преференциалды сауданың артатындығына үміт білдірді.
Ресей Вице Премьер-министрі Игорь Шувалов Иранның Байланыс және технология министрі әрі Иран мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастықтарының ортақ комиссиясының басшысы Махмуд Ваезимен Теһрандағы кездесуінде Иран, Ресей және Грузия арасында жасалған электр қуаты жөніндегі келісімін маңызды бағалап, екі елдің ауылшаруашылығы мен ветеринария салаларындағы ынтымақтастықтарын тиімді деп атады.
Ресей Вице Премьер-министрі Теһран сапарының мақсатын Иран Президенті Хасан Руханидің Мәскеу сапарының алдындағы дайындық деп атап, оның сапарының Иран мен Ресей қарым-қатынастарын арттыруда әсерлі деп сараптады.
Иранның Байланыс және технология министрі де кездесуде Ресей мен Иранның ауылшаруашылығы бөліміндегі екіжақты ынытмақтастықтарының алға ілгерілігендігіне тоқталып, бұл саладағы ынтымақтастықтарды дамытуға тарифтерді төмендетудің көмектескенін айтты.
Ресей Вице Премьер-министрі елінің Энергетика министрі Александр Новакпен бірге Иранмен арадағы ынтымақтастықтарын кеңейту мақсатында Теһранға сапармен келген болатын.