Сириядағы лаңкестерге қару мен оқ-дәрі толассыз жөнелтілуде
Ақп 22, 2017 18:33 Asia/Almaty
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу шетелден Сириядағы лаңкестер үшін жүздеген тонна жарылғыш заттар мен әртүрлі қару-жарақтың жөнелтіліп жатқанына сілтеме жасап: «Шетелден Сириядағы лаңкестер үшін қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелту үдерісі жалғасуда.
Сириядағы лаңкестік топтар шет мемлекеттерден қаржы мен қару-жарақты толассыз түрде алып жатыр» деді. Ресейдің Қорғаныс министрі елінің тек Сирияда лаңкестердің көзін жойып қана қоймай, сонымен қоса әсірешіл лаңкестердің Ресей жеріне ықпал етуіне кедергі жасап отырғанын айтты.
Тегтер