Ресей жылына 15 млрд долларға әскери қару- жарақ сатады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24648-Ресей_жылына_15_млрд_долларға_әскери_қару_жарақ_сатады
Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінің жылына әлем елдеріне 13-15 млрд долларға әскери қару- жарақ сататынын мәлімдеп:
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 25, 2017 17:30 Asia/Almaty
  • Ресей жылына 15 млрд долларға әскери қару- жарақ сатады

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінің жылына әлем елдеріне 13-15 млрд долларға әскери қару- жарақ сататынын мәлімдеп:

«Ресей 60-тан астам елге әскери өнімдерін сатуымен қару- жарақ пен әскери техника экспорттау тұрғысынан Америкадан кейін әлемде екінші орынға ие» деді. Осы мәліметке сәйкес, Америка шамамен 33 пайыз, Ресей шамамен 23 пайызбен әлемде соғыс жабдықтарын сату нарығындағы екі көшбасшы ел болып табылады. Қытай, Франция және Германия кейінгі орындарда тұр.