Асқар Фархади «Сатушы» фильмі үшін Оскар жүлдесін алды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24710-Асқар_Фархади_Сатушы_фильмі_үшін_Оскар_жүлдесін_алды
Асқар Фархадидің режиссерлігімен түсірілген «Сатушы» фильмі Кинематографиялық ғылым мен өнер академиясы Оскардың жүлдесін табыс етуге арналған 89-ші рәсімде ең үздік шетелдік фильм бөлімінің жүлдесіне ие болды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 27, 2017 11:03 Asia/Almaty
  • Асқар Фархади «Сатушы» фильмі үшін Оскар жүлдесін алды

Асқар Фархадидің режиссерлігімен түсірілген «Сатушы» фильмі Кинематографиялық ғылым мен өнер академиясы Оскардың жүлдесін табыс етуге арналған 89-ші рәсімде ең үздік шетелдік фильм бөлімінің жүлдесіне ие болды.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша,  Аустралияның  «Тина», Германияның «Тони Ардман», Данияның «Мина жері», Швецияның «Уве есімді адам» фильмдері Оскар-2017 рәсімінде «Сатушы» фильмінің бәсекелесі болды.

Бұл Асқар Фархади мен Иран кинематографиясының екінші «Оскар» жүлдесі болып табылады. Фархади 2012 жылы «Надердің Симиннен ажырасуы» атты фильмі үшін "Оскар" жүлдесін алған болатын.

Асқар Фархади мен «Сатушы» фильмін түсірушілер АҚШ Президенті Дональд Трамптың антимиграциялық жарлығына наразылық ретінде Теһран уақыты бойынша дүйсенбі күні таңертең өткен осы рәсімге қатыспады.  "Оскар" жүлделерін табыстау рәсіміне осы фильмді түсірушілердің атынан алғашқы ирандық әйел ғарышкер Ануше Ансари мен НАСА-ның бұрынғы басшыларының бірі Фируз Надери қатысты.

Сол рәсімде оқылған Асқар Фархадидің мәлімдемесінде: «Мигранттарға АҚШ-қа кіруге тыйым салатын антигуманистік заң қабылдау арқылы құрметсіздік көрсетілген Иран мен 6 елдің халқына құрмет білдіру үшін "Оскар" жүлделерін табыстау рәсіміне қатыспадық»,-деп қуатталды.