Зариф: Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – аймақтық ынтымақтастықтарды нығайтатын ең жақсы мүмкіндік
(last modified Tue, 28 Feb 2017 11:03:32 GMT )
Ақп 28, 2017 17:03 Asia/Almaty
  • Зариф: Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – аймақтық ынтымақтастықтарды нығайтатын ең жақсы мүмкіндік

ИИР Сыртқы істер министрі Экономикалық ынтымақтастық ұйымын (ЭЫҰ) аймақтық ынтымақтастықтарды нығайтатын әрі алға ілгерілететін ең жақсы мүмкіндік деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша, Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф  сейсенбі күні ЭЫҰ-на мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Исламабадтағы 22-ші отырысында: «ЭЫҰ-ның мүшелері бірігіп, аймақты алға ілгерілету, бейбітшлік орнату, аймақтың ынтымақтастықтары  мен экономикалық жұмыстарын кеңейту салаларында белсенділік таныта алады. ЭЫҰ барлық мүшелерінің аталмыш ұйымның перспективаларына жету саласындағы үлесін анықтайтын механизм болуы қажет. Сөйтіп әр мемлекет  өз міндеттерімен толық танысып, оларды іске асыру үшін қажет талпыныс жасайды. Пәкістан  өзінің кезеңдік басшылығы кезінде ЭЫҰ кеңейту саласында маңызы жұмыстар атқаруда»,- деді.