Ресей президенті Қырғызстанға келді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i24776-Ресей_президенті_Қырғызстанға_келді
Ресей президенті Орталық Азия аймағына жасап жатқан сапарының соңғы кезеңінде Тәжікстаннан Қырғызстан астанасы Бішкекке келді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 28, 2017 19:29 Asia/Almaty
  • Ресей президенті Қырғызстанға келді

Ресей президенті Орталық Азия аймағына жасап жатқан сапарының соңғы кезеңінде Тәжікстаннан Қырғызстан астанасы Бішкекке келді.

Ресей президентінің кеңесшісі Юрий Ушаков тілшілерге берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путиннің Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, әңгімелесуді жоспарлап отырғанын айтты. Ресей мен Қырғызстан президенттері екі жақты түрлі тақырыптар, соның ішінде экономикалық, саяси және гуманитарлық ынтымақтастықтар және Еуразия Экономикалық Одағы шеңберінде әріптестіктерді күшейтудің келешегі туралы сұхбаттасады.