Иран мен Ресей алты мың жүк вагонын бірлесіп өндіруге келісті
Нау 05, 2017 18:13 Asia/Almaty
Иран мен Ресей ішкі тұтыныс үшін алты мың жүк вагонын бірлесіп өндіреді.
Ресейдің "UWC" компаниясы мен ирандық үш компания алдағы үш жылда Иран ислам республикасының темір жолын осынша вагонмен қамтамасыз етуге келісті. Вагондарды өндіру келісімшартын қарастыру үшін атқарылған шаралар Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Реза Нематзаде мен аталмыш компанияның атқарушы директорларының қатысуымен өткен отырыста баяндалды.
Тегтер