"Газпром" Иранның мұнай кеніштеріне атсалысуға ынта танытты
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25006-Газпром_Иранның_мұнай_кеніштеріне_атсалысуға_ынта_танытты
Ресейдің "Газпром" компаниясы Иранның мұнай мен газ кеніштеріне атсалысуға ынта танытты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 08, 2017 17:52 Asia/Almaty

Ресейдің "Газпром" компаниясы Иранның мұнай мен газ кеніштеріне атсалысуға ынта танытты.

Ресейдің "Газпром" компаниясының атқарушы директорының бірінші орынбасары Вадим Яковлев: "Осы компания қазір Иранның "Чангуле" және "Чешме Хош" атты екі мұнай кенішін дамытуға атсалысып отыр. Бірақ өзге жобалар бойынша да ынтымақтастық жасауға дайынбыз. "Газпром" сондай-ақ Иранның мұнай кеніштерін дамыту негізінде өзге консорциумдарға да қатысып, ынтымақтастық жасауды қарастыруға дайын" деді. Иран наурыз айының аяқ шенінде өзінің кейбір мұнай кеніштерін дамыту жобаларын халықаралық компаниялар үшін тендерге қоюды мақсат етіп отыр.