Кәрі отаршыл Ұлыбритания Азияның батысындағы ықпалын қайта жандандыруға мүдделі
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің басып алынған Палестинаға сапарының мақсаты Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шыққаннан кейін Азияның батыс аймағындағы өз ықпалын қайта жандандыру саясатын жалғастыру болып табылады.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Изральдің президенті Ривлин және Палестина Ұлттық әкімшілігінің Сыртқы істер министрі Рияд әл-Мәлекимен кездесті. Осы сапар барысында Джонсонның Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен Палестина Ұлттық әкімшілігінің төрағасы Махмұд Аббаспен кездесуі және екіжақты қарым-қатынастар мен аймақтағы мәселелер, соның ішінде, екі үкіметтің шешіміне байланысты ымыраға келу туралы сұхбаттасу жоспарланған.
Жуырда Ұлыбритания Сыртқы істер министрі ресми сапармен Мысырда болып, осы елдің лауазымды басшыларымен кездесу өткізіп, екіжақты қарым-қатынастар мен Таяу Шығыс аймағындағы өзгерістер жайлы сұхбаттасты.
Оның алдында Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мей мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Парсы шығанағы елдеріне ресми сапары барысында бұл елдердің басшыларымен сауда-экономикалық қатынастар, әсіресе қару-жарақ сату саласындағы мүмкіндіктер жайлы келіссөздер өткіздіен еді.
2016 ижылдың маусым айында өткен жалпы халықтық референдум кезінде мақұлданған Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы шешімінен кейін ол әлемдегі стратегиялық маңызы бар Азияның батысы мен Парсы шығанағы аймақтарынан бастап, Ресейге жақын орналасқан Еуропаның шығыс бөлігіндегі өз ықпалын қайта жандандыру үшін қажетті шара қолдануда. Осыған байланысты Ұлыбританияның отарлау тәжірбиесі мен оның Азияның батысын жойып, бұл аймақты бөлшектеудегі рөлі бәрінің есінде. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, Лондон жоғарыда аталған аймақтағы өз ықпалын нығайтуды көздеп отыр. Шындығында, Лондонның "Бөліп ал да, билей бер" ұраны негізіндегі саясаты қазіргі күнде Сауд Арабиясы, Бахрейннен бастап Йемен, Ливан және Палестина секілді Азияның батысында орналасқан исламдық араб елдері арасында жүзеге асырылып жатыр.
Ұлыбритания Азияның батыс өңіріндегі өз ықпалын қайта орнатуға талпыныс жасап отыр. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған үкімет ішкі экономикалық, әлеуметтік және қауіпсіздік мәселелерді шешу және осы елдің әлемнің жер-жерінде соғыс отын өршіту салдарынан туған шығындарын азайту мақсатында Азияның батысындағы дағдарысты басқарудың бір бөлігін Вашингтонның ежелден келе жатқан одақтасы, яғни Лондонға ұсынғалы отыр.
Лондон болса дипломатиялық, сауда-экономикалық, әскери және қауіпсіздік саласындағы айла-тәсілдерді қамтитын алуан түрлі тактикаларды пайдалану арқылы түрлі жолдармен Азияның батысындағы әртүрлі елдердегі өзінің жан-жақты ықпалын қайта орнатуды көздеп отыр. Осы тұрғыда, араб елдері аймағы мен сионистік режимге қару-жарақ сату Лондонның ең басты мақсаты саналады.
Адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің британиялық қару-жарақтың адам құқықтарын кеңінен бұзып отырған сионистік режим, Сауд Арабиясы мен Бахрейн секілді араб мемлекеттеріне сатылуына қатысты айтылған сындарына қарамастан, Лондон олардың қауіпсіздігі мен лаңкестікпен күресуде ынтымақтастық жасау туралы уәждерімен бұл сынға мүлдем мән бермей отыр.
Йемен мен Бахрейндегі халықты жаппай қырудағы британиялық қарулардың рөлі мен қатысы бары айдан анық. Ұлыбритания тіпті сионистік режимнің қылмыстарына қарсыласудың негізгі бағыттардың бірі саналатын Сирия үкіметін жойып, немесе әлсірету үшін Сириядағы лаңкестерді қаржылай және қару-жарақпен қамтамасыз етіп отыр. Ал сионисттік режимнің басып алынған Палестинадағы адам құқықтарының ашық түрде бұзып жатқаны – даусыз жағдай. Бұл режим палестиналықтарды өлтіріп, оларды заңсыз түрде қамауға алып, қалашық салуды жалғастыруына байланысты әлемдік қауымдастықтың қатты қарсылығына ұшырап, әлемнен оқшауланып қалды. Бірақ, Ұлыбритания секілді адам құқықтарын үнемі қорғаушылардың сионистік режимге қатысты үнсіздігі мен қолдау көрсетуі бұл режимнің өз қылмыстарын жасауды одан әрі жалғастыруына себеп болды. Лондон Палестинаның ежелден келе жатқан дағдарысын шешу туралы уәж айтып келгенімен, сигнистік режимнің қылмыстарын үнемі әрі кесімді түрде қолдауы бұл дағдарыс пен мәселенің шешілуіне кедергі болып отыр.