Қырғызстанда әсірешіл белсенді құрықталды
Нау 09, 2017 21:01 Asia/Almaty
Қырғызстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің лаңкестікке қарсы бөлімі осы елде бір экстремистік ұйымның белсенді мүшесінің құрықталғанын хабарлады.
Экстремистік ұйым Қырғызстан азаматтарын Сирия мен Ирактағы лаңкестік ұйымдарға таныстырып, аттандыратын. Құрықталған адам – Қырғызстанның оңтүстігінің 40 жастағы тұрғыны. Ол "Таухид пен жихад жамағаты" деп аталатын халықаралық лаңкестік ұйымның белсенді мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, оған қатысты халықты діни және этникалық жиіркенішке арандатушы деген күдік бар.