Иранмен жан-жақты байланыстарды кеңейту – Ресейдің басты бағдарларының қатарында
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25048-Иранмен_жан_жақты_байланыстарды_кеңейту_Ресейдің_басты_бағдарларының_қатарында
Иранның солтүстігінде орналасқан Гилан облысындағы Ресейдің бас консулы Иранмен саяси, экономикалық, сауда және туризм саласындағы жан-жақты байланыстарды кеңейтуді өз елінің басты бағдарларының қатарында атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 09, 2017 18:47 Asia/Almaty
  • Иранмен жан-жақты байланыстарды кеңейту – Ресейдің басты бағдарларының қатарында

Иранның солтүстігінде орналасқан Гилан облысындағы Ресейдің бас консулы Иранмен саяси, экономикалық, сауда және туризм саласындағы жан-жақты байланыстарды кеңейтуді өз елінің басты бағдарларының қатарында атады.

Константин Алексеев нарықпен танысу және Анзали еркін аймағында ТМД елдерімен сауда-саттықтың шешім жолдары жөнінде өткен шара аясында: «Ресей бүгінде Иранды өзінің жақын одақтастарының бірі санап, түрлі салаларда Иранмен жан-жақты байланыс жасауды қалайды» деді.

Әзірбайжан республикасы, Армения, Өзбекстан, Белоруссия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Қазақстан және Молдавия ТМД елдерін құрайды. Түркіменстан осы одақтың бақылаушы мүшесі болып табылады.

Алексеев экономикалық және мәдени екіжақты байланыстарды кеңейтудің қажеттілігіне тоқталып: «Екі ел арасындағы тиімді саяси байланыстар деңгейіне сәйкес, Иран мен Ресей арасындағы сауда-саттық көлемі мен экономикалық айналым артуы керек» деді.