Нау 11, 2017 22:39 Asia/Almaty
  • Соңғы тәулікте Америкада 53 атыс жайты тіркелді

Американың түрлі штаттарында соңғы тәулікте тіркелген 53 атыс жайтында 20 адам қаза болып, 33 адам жараланды.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Америкадағы қару-жарақпен жасалған қатыгездіктердің статистикасын тіркеу орталығының мәліметіне сәйкес, Иллинойс штатындағы бір пәтерде болған атыста үш адам қаза болып, бір кісі жараланған.

Виргиния штатында орын алған келесі атыс оқиғасында күдікті өзінің бұрынғы қалыңдығын кепілдікке алып, полиция күштерімен шайқастан кейін оны өлтіріп, содан кейін өзіне-өзі қол жұмсап өлген.

Чикагода жанармай бекетінде болған атыс оқиғасында екі адам қазаға ұшырап, екі кісі жараланған.

Луизиана штатында орын алған атыс оқиғасында шешесі мен екі перзенті қаза тауып, бір бала жараланған.

Иллинойс штатының Орора аймағындағы түнгі клубта болған шайқаста екі адам қаза болып, бір адам жараланған.

 

 

Тегтер