Иран Германияда өткен туристік көрмеде 10 үздік елдің қатарына кірді
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25140-Иран_Германияда_өткен_туристік_көрмеде_10_үздік_елдің_қатарына_кірді
Иранның павильоны Германиядағы туристік халықаралық көрмеге қатысқан 184 елдің арасындағы 10 үздік павильонның бірі болып таңдалды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 12, 2017 18:30 Asia/Almaty
  • Иран Германияда өткен туристік көрмеде 10 үздік елдің қатарына кірді

Иранның павильоны Германиядағы туристік халықаралық көрмеге қатысқан 184 елдің арасындағы 10 үздік павильонның бірі болып таңдалды.

"ITB 2017" атты Германияда өткен сапар мен саяхат саласындағы ең үлкен көрмеде Иранның арнайы залын жобалауда исламдық дәуірдегі сәулет өнері мен Иранның табиғаты пайдаланылды. Осы көрме өткен 5 күннің ішінде Иранның қонақ күтуі де саяхат саласы мамандары мен Иранға сапар шегуге ынта танытқан адамдардың көңілдерінен шықты.