Ресей Иранға киберлік ынтымақтастық жөнінде ұсыныс жасады
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25216-Ресей_Иранға_киберлік_ынтымақтастық_жөнінде_ұсыныс_жасады
Ресейдің Коммуникация және ұжымдық ақпарат құралдары министрі Мәскеуде ирандық делегацияның жетекшісі Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрімен кездесуде Иранмен киберлік ынтымақтастық жөніндегі ұсынысты талқылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 14, 2017 17:02 Asia/Almaty
  • Ресей Иранға киберлік ынтымақтастық жөнінде ұсыныс жасады

Ресейдің Коммуникация және ұжымдық ақпарат құралдары министрі Мәскеуде ирандық делегацияның жетекшісі Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрімен кездесуде Иранмен киберлік ынтымақтастық жөніндегі ұсынысты талқылады.

Ресейдің Коммуникация және ұжымдық ақпарат құралдары министрі Николай Никифоров Мәскеуде ирандық делегацияның жетекшісі Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзимен келіссөздің соңында: «Ресейдің мақсаты екі тараптың компаниялары мен ғылыми, зерттеу және инновациялық орталықтарының ынтымақтастық жасауы мен коммуникациялық жобаларды бірлесіп атқаруы болып табылады» деді.

Никифоров сондай-ақ ресейлік және ирандық кәсіпкерлер арасында ғылыми- зерттеу жобаларын атқару саласында жұмыстық және инвестиция салушы бірлескен кеңселердің құрылуына үміт білдірді. 

Махмуд Ваэзи мен Николай Никифоров кеше сондай-ақ ИИР президенті Хасан Руханидің Ресейге алдағы сапарында коммуникациялық және спутниктік ынтымақтастықтарды кеңейту негізінде бір ынтымақтастық құжатқа қол қою туралы келісті.

Иранның Байланыс және ақпараттар технологиясы министрі Махмуд Ваэзи өткен күні Ресей премьер-министрінің орынбасары, Энергетика министрі және  Коммуникация мен  ұжымдық ақпарат құралдары министрімен кездесіп, әңгімелесу мақсатында Мәскеуге сапармен келді.

ИИР президентінің  28-ші наурыздағы Ресейге сапарын жоспарлау Махмуд Ваэзидің Ресей қайраткерлерімен кездесуде күн тәртібіне қойылған ең маңызды тақырып болып табылады.