Көптеген мемлекеттер теңізде қауіпсіздік орнату үшін Иранның тактикасын қолданбақ
ИИР армиясы теңіз күшінің қолбасшысы көптеген мемлекеттердің теңізде қауіпсіздік орнату және лаңкестікпен күрес тақырыбында Иран армиясы теңіз күшінің тактикасын білуге мүдделілік танытып отырғанын айтты.
ИИР армиясы теңіз күшінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайяри жұма күні әуе-ғарыш және теңіз қатынасы халықаралық көрмесінің (LIMA 2017) соңында ИРНА- ға берген сұхбатында: «Аймақ және әлем елдері Иран армиясы теңіз күшінің әлеуетімен таныс. Оны 3900- ден астам коммерциялық және мұнай тасушы кемені шығарып салу арқылы Аден шығанағында қауіпсіздік орнатқан қуатты теңіз күші ретінде мойындап отыр» деді.
Адмирал Сайяри Малайзиядағы әуе- ғарыш және теңіз қатынасы көрмесі мен " LIMA 2017" отырыстары жөнінде де: «Оңтүстік-шығыс Азия аймағының Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін жақсы мүмкіндіктері бар. Осы мүмкіндіктерді екіжақты және көпжақты әріптестіктер деңгейін арттыру үшін пайдалануға болады» деді.