Ресейде жүздеген адам құрықталды
Ресей үкіметі оппозиционерлерінің Мәскеу және Санкт-Петербургтегі шерулерінде жүздеген адам құрықталды.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей үкіметінің Мәскеудегі оппозиционерлері қазіргі үкіметке наразылық білдіріп, Ресей астанасының орталық көшелеріне шеруге шыққан. Соның барысында қауіпсіздік сақшылары жүздеген адамды қамауға алды.
Бұл шеру Ресей үкіметінің батыстық ағымдағы оппозиционері Алексей Навальныйдың талабымен ұйымдастырылған болатын. Ол Мәскеу басшыларының ескертулеріне қарамастан, заңсыз шеруге қатысып, қауіпсіздік сақшылары тарапынан құрықталды.
"Известия" газетінің сайты онлайн хабарлар бөлімінде: "Мәскеу полициясының мәліметі бойынша, Ресей үкіметінің оппозиционерлері ұйымдастырған шеруге шамамен сегіз мың адам қатысқан" деп жазды.
Сонымен қатар Мәскеу полициясы Мәскеудің Пушкин алаңында белгісіз азаматтардың шерушілерге қарсы газ спрейлерін пайдаланып, белгісіз бағытта жасырынғанын хабарлады.
Ресейлік ақпарат өкілдері де Ресейдің бірнеше қаласында, соның ішінде Санкт-Петербургте осындай шерулердің өтіп, жүздеген адамның құрықталғанын хабарлады.