Теһран мен Мәскеу 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/world-i25576-Теһран_мен_Мәскеу_14_ынтымақтастық_құжатына_қол_қойды
Иран мен Ресейдің аға қайраткерлері Мәскеуде екі ел президенттерінің қатысуымен саяси, экономикалық, сот, құқықтық, ғылыми және мәдени салаларда 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 28, 2017 16:31 Asia/Almaty
  • Теһран мен Мәскеу 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды

Иран мен Ресейдің аға қайраткерлері Мәскеуде екі ел президенттерінің қатысуымен саяси, экономикалық, сот, құқықтық, ғылыми және мәдени салаларда 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды.

Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні ИИР президенті Хасан Руханиды Кремль сарайында ресми түрде қарсы алды.

Иран мен Ресей президенттерінің Кремль сарайындағы кездесуі мен келіссөздерінен кейін қылмыскерлермен алмасу, туристік ұжымдық визаның күшін жою, сауда, электр, дене шынықтыру мен спорт, тұрғын үй салу және қоғамдық қызмет салаларында екі елдің қайраткерлері мен құзырлы министрліктері арасында 14 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Иранның аккредитация ұлттық орталығы мен Ресейдің аккредитация федералдық қызметі арасында коммуникация мен ақпараттар технологиясы саласындағы түсіністік меморандумы, Иран мен Ресей темір жолы арасындағы ынтымақтастық, Иранның Атом Қуаты Ұйымы мен Ресейдің Атом Энергиясы мемлекеттік компаниясы арасындағы ынтымақтастық, газ саласында  Иранның Мұнай ұлттық компаниясы мен Ресейдің геология холдингі мен Газпром компаниясы   арасындағы ынтымақтастық, Иранның Сауда, өнеркәсіп және кен палатасы мен "Росконгресс" қоры арасындағы ынтымақтастық және Гармсар-Инче Бурун рельстік жолын электрлендіру жіне жабдықтар жөнелту Иран мен Ресей арасында қол қойылған ынтымақтастық құжаттарының қатарын құрады.

Сонымен қатар Иран мен Ресейдің жекеменшік сектор өкілдері арасында да келісімшарттарға қол қойылды.