Иран мен Ресей президенттері ортақ мәлімде жариялады
Кремльдегі ресми кездесу мен келіссөздер аяқталғаннан кейін ИИР президенті Хасан Рухани мен РФ президенті Владимир Путин ынтымақтастықтарды кеңейтуге байланысты ортақ мәлімдеме жариялады.
Иран мен Ресей президенттерінің "Ортақ стратегиялық ынтымақтастықтар" атты ортақ мәлімдемесі екі елдің әртүрлі, әсіресе екіжақты және аймақтық салалардағы ынтымақтастықтарын кеңейтудің көкжиегі мен шешім жолдарын қамтыған.
Ортақ мәлімдемеде 2016 жылдан 2023 жылға дейінгі сауда және өндіріс саласындағы Иран мен Ресейдің ынтымақтастық жобаларының Жол картасын толығымен жүзеге асыру қажеттігі қуатталды.
Мәлімдемеге сәйкес, Иран мен Ресей екіжақты қарым-қатынастардың деңгейін көтеру және ортақ стратегиялық ынтымақтастықтарды кеңейту мақсатында жаңа қадамдар жасауға берік екендіктерін қуаттады.